Тәжікстан Таяу Шығыстан азаматтарын эвакуациялау үшін чартерлік рейс ұйымдастырды

АСТАНА.KAZINFORM - Тәжікстан билігі ұлттық әуе тасымалдаушысына Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды қайтару үшін чартерлік рейс ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі.

Таджикистан запускает чартерные рейсы для вывоза граждан из Ближнего Востока
Фото: ASIA-Plus

- Тәжікстан үкіметінің нұсқауларына сәйкес, Somon Air әуе компаниясына тұрақсыз аймақтардан келген азаматтарды қайтару үшін чартерлік рейстер ұйымдастыру тапсырылды, - деп хабарлады Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі.

Осы рейстермен елге оралғысы келетін азаматтар қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін тиісті елдердегі Тәжікстан Республикасының дипломатиялық миссиялары мен консулдық мекемелеріне хабарласа алады.

Министрлік мәліметінше, Әзербайжан және Түрікменстанмен шекарадан өткен Ираннан 219 тәжік азаматын қайтару жұмысы ұйымдастырылған. Таяу Шығыстағы дипломатиялық миссиялар елге оралғысы келетіндердің тізімін үнемі жаңартып отырады.

Айта кетейік, Өзбекстан Таяу Шығыс елдерінен 9,3 мыңнан астам отандасын эвакуациялады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум