Тәжікстан ұлттық Oriz мессенджерін іске қосты
АСТАНА. KAZINFORM – «Тажиктелеком» компаниясы Oriz деп аталатын ұлттық мессенджер қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Тәжікстан үкіметі жанындағы Байланыс қызметінің мәліметінше, заманауи қосымша ел азаматтары, шетелдегі отандастар және барлық интернет пайдаланушы арасында ыңғайлы, жоғары сапалы және қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін жасалған. Оның мақсаты – сенімді цифрлық орта құру.
– ORIZ-дің басты артықшылықтарының бірі – оның төмен интернет жылдамдығындағы тиімділігі. Серверлер мен деректер орталығы ел ішінде орналасқандықтан, пайдаланушылар әлсіз байланыс кезінде де хабарламалар жіберіп, қоңырау шалып және бейнеконференция өткізе алады, - деп хабарлайды агенттік.
Әзірлеушілер кейінгі жылдары әлемде шетелдік платформаларға қол жеткізу шектелгендіктен мыңдаған тәжік мигранттары отбасыларымен байланыс орнатуда қиындықтарға тап болғанын атап өтті.
– Бұл тәжірибе шетелдік желілерге тәуелділік ақпараттық қауіпсіздік пен әлеуметтік байланысқа зиян келтіруі мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан ORIZ-ді құруды Тәжікстанның цифрлық егемендігіне қарай маңызды қадам деп санауға болады, - деп атап өтті Байланыс қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ЕО мессенджерлердегі чаттарды міндетті бақылаудан бас тартты.