Тәжікстанда 2025 жылы 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстанда 2025 жылы 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы қорытынды баспасөз мәслихатында ТР Есірткіні бақылау агенттігінің директоры Зафар Самад мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Спикердің айтуынша, елде есірткі айналымымен байланысты 1 003 қылмыс анықталған. Құрамында 88 адамы бар есірткімен айналысатын 44 қылмыстық топтың жолы кесілді.
- Барлық құқық қорау және күштік құрылымдардың күшімен Тәжікстанда өткен жылы 5,28 тонна есірткі тәркіленді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 899 келіге немесе 21 пайызға көп, - деді Хафар Самад.
Журналистермен кездесуден соң, Агенттік өкілдері біткен қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болған 316 келі есірткіні өртеді.
Осыған дейін Тәжікстанның электронды темекіге тыйым салғаны туралы жаздық.