Тәжікстанда IT мамандарының жалақысы өседі

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстанда IT мамандары үшін жаңа ынталандыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі тілшісі НИАТ «Ховарға» сілтеме жасап.

Тәжікстанда IT мамандарының жалақысы өседі
Фото: SugdPressa

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон заманауи технологияларды дамытуға, адами капиталды жақсартуға және елдегі өмірдің барлық саласын цифрландыруға бағытталған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметкерлердің жалақысы мен жалақысына қосымша ақы төлеуді реттеу туралы» жарлыққа қол қойды. 

Құжат ел басшылығының цифрлық экономикаға көшу және «Тәжікстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұлттық даму стратегиясын» іске асыру саясатын жалғастырады.

Бұл бастама елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайту үшін құқықтық және қаржылық негіз жасайды және халықаралық тәжірибені ескере отырып, IT мамандарын ынталандыру жүйесін айтарлықтай өзгертеді.

IT мамандарын ынталандырудың жаңа жүйесі тек еңбек өтіліне ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен халықаралық сертификаттауына да байланысты болады. Бұл электронды үкіметті дамыту және елдегі ақпараттық қауіпсіздікті жақсарту үшін негіз болады.

Жалақының өсуі толығымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатыны аталып өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанның Қазақстаннан 1,3 млн тоннаға дейін астық импорттауды көздеп отқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар