Тәжікстанда сиқыршы, көріпкелдер мен емшілер жазаланады

Экстрасенсы, гадалки, магия, мистика, целители, гадание
Фото: dzen.ru

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстанда өзін сиқыршы, емші деп атайтындарға жаза күшейтілді. Бұл туралы Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Тәжікстан Республикасының заңнамасына бақсылық, көріпкелдік, бойтұмарлар мен тұмар сату арқылы күн көретін алаяқтарға қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтетін өзгерістер енгізілді.

Енді олар алты айға дейін мәжбүрлі жұмысқа жіберіледі. Осы мақсатта елде бірыңғай тізілім құрылып, оған осы алаяқтық түрлеріне қатысы бар тұлғалардың деректері енгізіледі.

Бұрын Тәжікстанда бақсылық пен көріпкелдікпен айналысқандар тек айыппұлмен ғана жазаланатын.

Соңғы жаңалықтар