Тәжікстанда жемқор шенеуліктер мемлекетке 40 млн долларға жуық шығын келтірді

ДУШАНБЕ. KAZINFORM – Былтыр Тәжікстанда 950-ге жуық адамға жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

жемқор шенеуніктер
Фото: Тәжікстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директоры Султонзода Сулаймон Саид мәлім етті

Есеп беру барысында ол былтыр республикадағы орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына 484 тексеріс жүргізіліп, оның барысында 425,7 млн сомони (шамамен $39,1 млн) шығын анықталғанын айтты.

— Қабылданған шаралардың нәтижесінде 411,9 млн сомони ($37,7 млн) залал мемлекет пайдасына өтелді. Бұған қоса, агенттік 1 180 адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады. Оған сай, 948 адамға айып тағылып, алдын ала тергеуден өткен 728 қылмыстық іс соттарға жолданды, - деді Султонзода Сулаймон Саид. 

Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстан билігі Тәжікстанмен одақтастық қарым-қатынас орнату келісімін мақұлдағанын жазып едік.

Мұнымен бірге, Қазақстан Тәжікстаннан электр энергиясын импорттауға ниетті.

Сондай-ақ, Тәжікстан үкіметі утильалым мөлшерін өзгертуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар