Тәжікстанда жер сілкініп, жерасты дүмпуі Өзбекстан мен Қырғызстанда сезілді

АCТАНА. KAZINFORM - Бүгін сағат 09:23-те Тәжікстанда күші 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Avesta.tj Telegram арнасы.

Тәжікстанда жер сілкініп, жерасты дүмпуі Өзбекстан мен Қырғызстанда сезілді
Фото: environment.tj

Жер сілкінісінің ошағы Каланак ауылынан 23 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпуі Өзбекстан мен Қырғызстанның бірқатар аймағында да сезілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қирау туралы мәлімет тіркелген жоқ. Мамандар сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастырып жатыр.

NOVA24-LIVE Telegram арнасының хабарлауынша, Өзбекстанда жер сілкінісінің күші 2-3 балл болған.

Айта кетейік, Мьянмада болған жойқын жер сілкінісі 6730 ұялы телефон станциясын зақымдады.

Соңғы жаңалықтар