Тәжікстандағы жер сілкінісі: 29 үй мен мектеп зақымданды

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстанда 13 сәуір күні таңертең болған жер сілкінісі 29 тұрғын үй мен бір білім беру мекемесіне зақым келтірді, деп хабарлайды Kazinform Avesta.tj сайтына сілтеме жасап. 

Тәжікстандағы жер сілкінісі: 29 үй мен мектеп зақымданды
Фото: Avesta.tj

Сейсмикалық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 09:24-те тіркелді.

Тәжікстанның Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Рашт қаласынан 21 шақырым жерде және Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан. 

қиранды
Фото: Avesta.tj

Эпицентрдегі жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 5-6 балл, ал Тәжікстан астанасында 3 баллға дейін дүмпу сезілген. 

Сейсмикалық белсенділік салдарынан Рашт аймағының төрт ауылында 17 тұрғын үй мен бір жалпы білім беретін мектеп зардап шекті. Тәжікабад ауданында тағы 12 тұрғын үйге зақым келген. 

Тәжікстан
Фото: Avesta.tj

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп, қирандылардың мән-жайын анықтап, шығынды бағалап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар