Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында 24 бекет ашылды
Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон шекарада 24 шекара заставасын ашты. Kazinform агенттігі бұл туралы ХОВАР ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Эмомали Рахмон алдымен Фархор ауданындағы «Кокул» шекара заставасын, кейіннен Хатлон облысының Хатлон облысының Лахш, Шамсиддин Шохин аудандарында, Рушан, Ишкашим, Мургаб аудандарында және Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында шекара заставаларын пайдалануға берді.
Тәжікстан Республикасының шекарасында барлығы 24 шекара заставасы мен офицерлерге арналған 96 пәтер пайдалануға берілді.
Бұл – 2023 жылы Тәжікстанда шекаралық нысандарды салу және пайдалануға беру, жабдықтау және мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдай жасаудағы ең жоғары көрсеткіш.
2024 жылы Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толғанда, қосымша 12 шекара застава салынып, пайдалануға беріледі.