Тәжікстанның жоғары оқу орындары қазақстандықтар үшін 100 грант бөлді

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде шілдеден бастап ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру ережелері жаңартылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Орталық таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2025-2026 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша грант ұсынылды:

бакалавриат – 70 орын;

магистратура – 20 орын;

үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы – 10 орын.

Оқу тілі – тәжік/орыс тілі.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың тізімін мына жерден көре аласыздар.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

тегін оқу;

мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайын стипендия;

медициналық қызмет көрсету.

-Ескерту! Қалған шығынды, оның ішінде көлік және тұру шығындарын грант иегері өз қаражаты есебінен төлейді.

Құжаттың толық пакеті 2025 жылғы 10 шілдеден 5 тамызға дейін қабылданады.

Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады.

Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар; көпбалалы отбасынан шыққан балалар; ауылдық елді мекендерде соңғы 2 (екі) жыл тұратын үміткерлер; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.

Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.

Осыған дейін Қазақстанда кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы жасалып жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар