Тазы тарихта алғаш рет «Олимпиадаға» қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Болонья қаласында әлемдік иттер көрмесі аясында өтетін «TOP Dog-2026» (жылдың үздік иті) байқауы бейресми түрде осылай аталады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Италиядағы меншікті тілшісі.

тазы
Фото: Арнұр Рахымбеков/Kazinform

«TOP Dog 2026» – әлемнің түкпір-түкпірінен келген кинологиялық қауымдастықтың назарын аударатын жарқын халықаралық шоу. Сонымен қатар бұл кең аудиторияға, медиаға және халықаралық көрме қауымдастығына бағытталған керемет қойылым.

Халықаралық мойындау сатысында тұрған қазақ тазы тұқымы үшін мұндай алаңның құндылығы ерекше. Тұқымды одан әрі ілгерілету үшін сараптамалық баға алу ғана емес, сонымен қатар әлемде танымал болу маңызды.

Сондықтан Қазақстан тарихында тұңғыш рет «World Dog Show» көрмесінде тазы еліміздің атынан өнер көрсетті.

Аренаға әлемнің 50 елінің өкілдері шықты. Олардың ішінен төрешілер тұқымдарына қарамастан үздіктерді таңдады. Дебют аясында қазақстандық ит 12 қатысушыдан тұратын финалға өткен жоқ, бірақ қатысу фактісі — біздің команда үшін мойындалған жетістік.

Неліктен бұл ит таңдалғаны және жалпы жануарларды іріктеу және дайындау процесі туралы Kazinfrom тілшісіне Қазақстан Кинологтар одағының басшысы Бауыржан Серікқали айтып берді.

TOP Dog 2026 тұқымды кәсіби сараптамалық бағалаудан өтіп, жарқын, эмоционалды форматта кең халықаралық аудиторияға ұсынуға мүмкіндік берді. Әлемдік алаңда қазақы тұқым өзін Қазақстанның мәдени кодының тірі бөлігі ретінде және жаһандық аренада өз орнына лайық екенін көрсетті.

Сонымен қатар Астанадан келген тазы иті Болонья қаласында «жасөспірімдер» санатында әлемдегі төртінші тазы болып танылды.

Италияның Болонья қаласында өтіп жатқан World Dog Show 2026 дүниежүзілік иттер көрмесінде Қазақстанның ұлттық тазы тұқымы жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық деңгейдегі бірнеше беделді атаққа ие болғанын жазған едік.

Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді.

Қазақстаннан тазыны басқа елге шығаруға толық тыйым салынуы мүмкін.

Қазақстанда тазы мен төбет күні аталып өтеді.