«Тазы. Ұлт қазынасы»: Президент Телерадиокешенінің деректі фильмі Jibek Joly арнасынан көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM — 3 қыркүйек — Қазақы тазы мен төбет күні Jibek Joly телеарнасы Президент Телерадиокешені түсірген «Тазы. Ұлт қазынасы» деректі фильмін көрсетеді.

«Тазы. Сокровище нации»: документальный фильм ТРК Президента покажут на Jibek Joly
Фото: Видеодан скрин

Биыл Қазақстанда алғаш рет Қазақы тазы мен төбет күні аталып өтіп жатыр. 2026 жылы күнтізбеге енген жаңа атаулы күн қазақтың байырғы ит тұқымдарын ұлттық мұраның бір бөлігі ретінде сақтауға қоғам назарын аударуды көздейді.

«Тазы. Сокровище нации»: документальный фильм ТРК Президента покажут на Jibek Joly
Фото: Видеодан скрин

Тазы ежелден қазақтың «Жеті қазынасының» бірі саналады. Бұл тұқымның тарихы мыңдаған жылға созылады. Қазақстан аумағынан табылған көне петроглифтерде тазыға ұқсас иттердің бейнесі кездеседі.

Петроглифы тазы
Фото: Видеодан скрин

«Тазы. Ұлт қазынасы» деректі фильмінде тазының шығу тарихы, тұқымдық ерекшеліктері мен қазақ мәдениетіндегі орны баяндалады.

«Тазы. Сокровище нации»: документальный фильм ТРК Президента покажут на Jibek Joly
Фото: Видеодан скрин

Мамандар қазақы тазыны зерттеу, сақтау және тұқымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да әңгімелейді.

«Тазы. Сокровище нации»: документальный фильм ТРК Президента покажут на Jibek Joly
Фото: Видеодан скрин

Фильмді түсіруге Генетика және физиология институтының ғалымдары, Зоология институты зертханасының мамандары, Кинологиялық федерация өкілдері, Қазақстан кинологтар одағының президенті мен мүшелері қатысты.

ученые, лаборатория, ғалым
Фото: Видеодан скрин

«Тазы. Ұлт қазынасы» деректі фильмі 3 қыркүйек күні сағат 18:35–те Jibek Joly телеарнасынан көрсетіледі. 

«Тазы. Сокровище нации»: документальный фильм ТРК Президента покажут на Jibek Joly
Фото: Видеодан скрин

Айта кетейік, кейінгі жылдары Қазақстанда ұлттық ит тұқымдарын сақтау және өсіру, олардың гендік қорын қорғау, халықаралық деңгейде мойындату бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

«Тазы. Сокровище нации»: документальный фильм ТРК Президента покажут на Jibek Joly
Фото: Видеодан скрин

2023 жылы осы саланың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайтын арнайы заң қабылданды.

2023 жылдан бері Қазақстандағы тазы саны төрт есе өсті.

Бұған дейін әнші Димаш Құдайберген Мемлекет басшысының тазысы мен сәйгүлігі бейнеленген бірегей кадрларды бөліскен еді.

Ал нағыз тазыны қалай ажыратуға болатыны туралы осы материалдан оқи аласыздар.