Тбилисиде «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның жаңа еншілес ұйымы ашылды

«Халық банкі Грузия» АҚ-ның «Дидубе» жаңа филиалы Тбилисидің вокзал алаңындағы сауда орталығының аумағында, халық көп жүретін жерде орналасқан.
«Біздің банк Тбилисиде тағы бір Грузиядағы төртінші филиалын ашып отыр. Олардың біреуі - Батумиде, қалған үшеуі - Тбилисиде орналасқан. Біздің банк нарықта белсенді жұмыс жасап, шағын және орта бизнес кәсіпорындарын, корпоративтік сегмент компаниялары пен агроөнеркәсіптік секторды несиелеуде», - деді «Халық банкі Грузия» АҚ бас директоры Николоз Гегучадзе.
Филиал орта және шағын бизнес, сондай-ақ бөлшек сауда кәсіпорындарына ауқымды банк қызметтерін ұсынады. Филиалда кассалық, карточкалық және несиелік қызметтер көрсетіледі, Western Union, Contact, Unistream ақшалай аударымдары халықаралық жүйесі қызметтерін ұсынады.
«Халық банкі Грузия» АҚ акцияларының 100 пайызын «Қазақстанның халық банкі» АҚ иеленген, ол грузиндік банк нарығында 2008 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Үстіміздегі жылдың сегіз айы ішінде «Халық банкі Грузия» АҚ активтерінің үлесі ұлғайып, Грузияның салалық нарығында 15-ші орынға ие болды.