Тбилисиде ҚР мен Грузия үкіметтері арасындағы кедендік істердегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Қаржымині Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Ғ.К. Әмірин, ҚР Қаржымині КБК Халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Е.К. Қожабергенов және ҚР Әзербайжан Республикасындағы Елшлігінің кеңесшісі А. Б. Имашев болды.
Конференция отырысында ДКО стратегиялық жоспарына ұсыныстар, ДКО жоғары органдарына - Саяси комиссия мен Қаржы комитетінің мүшелігі сияқты мәселелер қаралуда, ДКО институционалдық дамыту жөніндегі өңірлік офистердің есептері, Жаһандық кеден желілерінің есептері, кеден қызметтерінің және т.б. есептері тыңдалады.
Қатысушылардың назарына Дүниежүзілік кедендік одақтың Еуропалық өңірінің алда өтетін іс-шарасы - VII Астана экономикалық форумының шеңберінде Астана қаласында 2014 жылы 22-23 мамырда өтетін «Кеден: Кеден органдарындағы тәуекелдерді басқару: коммуникациялық стратегияларды жетілдіру» атты конференция туралы Қазақстанның кедендік қызметінің ролигі көрсетілді.
ҚР Қаржымині КБК төрағасы ДКО бас хатшысы Кунио Микуриямен, Тарифтік саясат және халықаралық байланыстар мәселелері жөніндегі директораты, Еуропалық комиссияның Салық және Кедендік одағы директораты делегацияларының басшысы Петр Ковачпен жұмыс келіссөздерін жүргізді, келіссөз барысында Қазақстанмен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғ. Әміринмен Грузияның Кірістер қызметінің бас директоры Иракли Гварамадземен екіжақты кездесу өтті, кездесу қорытындысы бойынша кедендік істердегі ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы келісімге қол қойылды.