ТДҰА АҚ басқарма төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Бұл туралы ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рахмет Байнақов 2000 - 2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. Бас экономист, бөлім басшысы, директордың орынбасары және Қаржы министрлігі Мемлекеттік алыс-беріс және халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің директоры болып еңбек етті.
2007 жылдан 2011 жылға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарушы директоры және басқарма мүшесі лауазымын атқарды.
2011-2016 жылдары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
«Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Ақтөбедегі Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университті және Германияның Фленсбург қаласындағы Халықаралық менеджмент институтын бітірген, экономика ғылымдарының магистрі.
ТДҰА АҚ құрылымында Байнақов әкімшілік-құқықтық және кадр мәселелерімен айналысатын болады.
Таир Чокин 2005-2009 жылдары ABN AMRO BANK, Royal Bank of Scotland (RBS)/Abn Amro Banк банктерінде трейдер болып қызмет етті, валюта және ақша нарықтарында сауда операцияларын басқарды.
2009-2011 жылдары Bank of America Merrill Lynch банкінде қызмет етті, құрылымдық қаржыландырумен және қауіп-қатерлерді хеджерлеумен айналысты.
2014 жылдан бері «Горное бюро» ЖШС жобалар бойынша директоры ретінде жұмыс істеді.
The Wharton School, University of Pennsylvania (Филадельфия, АҚШ) университетін 2011 жылы тәмамдаған. 2002-2006 жылдары Kazakhstan Institute of Management, Economics and Strategic Research (KIMEP) білім алған.
Таир Чокин технологияларды коммерцияландыру және трансферт мәселелерімен және «ТДҰА» АҚ сараптамалық жұмыстарымен айналысады.