Театрға жаңа өзгерістер қажет - өнертанушы Бағыбек Құндақбайұлы

  АЛМАТЫ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір қай театрда болсын аударма қойылымдар көбейіп кетті,
None
None

       дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген өнертану ғылымының докторы, профессор Бағыбек Құндақбайұлы.

         "Мен жақында Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрынан белгілі түрік драматургының "Көшкін" деген аударма қойылымын көрдім. Өзгелерден бөлектеу көрінді. Онда ескі дәстүрден қашу бар. Режиссері драматургияның тынысын жақсы таниды екен. Әрбір қимыл-қозғалысқа, сөзге мән беріп астарын ашып жатыр. Одан кейін шарттылықты дұрыс қолданған", дейді Бағыбек Құндақбайұлы. Батыстың да, шығыстың да  біраз театрларын көрген өнертанушы ғалымның айтуынша,  бұрын оны қазақ театры қашанғы бір сарынмен жүреді деген ой жиі мазалайтын.  Сондықтан бұрын айқайлап сөйлеуге үйреніп қалған театр әртістері мен көрермендер үшін бұл  қойылым жаңа өзгерістің басы болып отыр.

         "Жалпы театрда туындының сәтті шығуы көбіне режиссураға байланысты. Режиссура ойлы болса, оның қойылымы көрермендерге ой салып,  оған өзге жұрт та барғысы келеді.  Қазіргі көрерменнің сауаты жоғары. Олардың көретін, еститін, оқитын мүмкіндігі мол. Аудармадан қорқудың қажеті жоқ", деп санайды Б. Құндақбайұлы.

Соңғы жаңалықтар