Театрландырылған көрініс пен сарбаздардың дала асханасы - ОҚО майдангерлеріне сыйлық

Шөптің үстіне үстелдер мен орындықтарды орнатылды, ал мерекелік ас мәзірінде картоп және солдат ботқасы болды. Денсаулығы жарағандарға «наркомдық 100 грамм» да табылды.
Асхана қасына тосыннан ұйымдастырылған сахна да орнатылды. Оңтүстік Қазақстан драма театрының әртістері театрландырылған көріністе Ұлы Отан соғысының барлық негізгі кезеңдерін көрсетті. Соғыс жылдарындағы әндер мен шайқас алдындағы сәттерден көріністер берілді. Және ең бастысы - жаудың тізе бүгуі туралы жаңалық.
«Біздің сезімдерімізді суреттеу қиын. Майданнан оралмағандар туралы мұң жүрегімізде әрқашан қалады. Бірақ олардың босқа қаза таппағандары туралы ойдан туған қуаныш жүректі толтыра түседі. Жастарға бұл тамаша көріністері үшін рахмет!», - деді соғыс ардагері Анна Шаля.