Тегеранда ҚР ИДМ ұйымдары мен ирандық компаниялар арасында бірқатар инвестициялық келісімдер жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрліктерінің ведомстволық ұйымдары мен ирандық компаниялар арасында бірқатар инвестициялық келісімдер жасалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Тегеранда ҚР ИДМ ұйымдары мен ирандық компаниялар арасында бірқатар инвестициялық келісімдер жасалды

Еске сала кетсек, Иран Ислам Республикасына ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация барған болатын. 

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрліктерінің ведомстволық ұйымдары ирандық компаниялармен бірқатар инвестициялық келісімдер орнатты.

Осылайша, геология және жер қойнауын пайдалану саласында ҚР ИДМ «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ғалым Нұржанов ирандық үш инвестициялық компания - «Ghadir Industry & Mine Development International Co», «Sadr Tamin Investment Co» и «SUNIR» (Iran Power & Water Equipment and Services Export Company) ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

Тараптар жер қойнауында қатты пайдалы қазбаларды іздеу, оларды бағалау, Қазақстанда пайдалы қазбаларды барлауға инвестицияларды тарту бойынша жобаларды бірлесіп іске асыруға ниетті. Қазіргі кезде геологиялық барлауға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 30 млн доллар көлемінде жоспарланған.

«Ghadir Industry & Mine Development International Co» инвестициялық холдингінің 8 негізгі бағыт бойынша бөлімшелері бар, соның ішінде тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және мұнай. Компанияның жеке құрыш құятын зауыты, алюминий зауыты, ірі темір-рудалы кен орны бар. Компания ірі темір-рудалы, полиметалдық және мыс кен орындарына қызығушылық танытып отыр. 

«Sadr Tamin Investment Co» компаниясы (SHASTA ком паниялар тобына кіреді) елдегі бірінші минералдық өнімдер холдингі. Компания кен өндіретін 11 компанияны тікелей басқарады және 8-ін компанияны жанама басқарады. Sadr Tamin-нің қазіргі жарғылық капиталы 2,5 миллиардов доллар шамасында. 2012-2016 жылдары 5 жылдық кезеңге инвестициялар көлемі 2,6 млрд  доллар деңгейінде жоспарланған. Ол негізінен минеральдық шикізат және темір, алтын, мыс және сол секілді металдар.

«SUNIR» холдингі (Iran Power & Water Equipment and Services Export Company) -энергетика, су, мұнай, газ, тау-кен, мұай-химия және құрылыс саласында жетекші ирандық компания.

Компания ТМД-дан Оңтүстік Азияға, африка құрлығында Таяу Шығысқа дейін және Латын Америкасы нарықтарында қызмет жасайды.

2013 жылы компания ENR рейтингінде 250 жетеші әлемдік компаниялар арасында 191 орын алған.

Еске сала кетсек, 11 - 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент Хасан Руханидің шақыруымен Иран Ислам Республикасына барады.