Тегеранға жасалған шабуыл: Израиль соққыларынан 70-тен астам әйел мен бала қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи Израильдің насихаты тұрғын үйлерге ешқандай зиян келтірмегендей көрсетуге тырысатынын айтты, деп жазды ТАСС.

Тегеранға жасалған шабуыл: Израиль соққыларынан 70-тен астам әйел мен бала қаза тапты
Фото: Majid Saeedi/ Getty Images

Израиль Қорғаныс армиясының Тегеранға жасаған соңғы үш соққысының салдарынан 73 әйел мен бала қаза тапты. Бұл туралы Иран СІМ-нің ресми өкілі Эсмаил Бағаи мәлімдеді.

— Израиль насихаты тұрғын үйлерге еш зиян келтірмейтіндей көрсеткісі келеді. Алайда шын мәнінде, Тегеранға жасалған үш шабуылдың салдарынан 73 әйел мен бала көз жұмды, — деп жазды Бағаи X әлеуметтік желісінде.

Ол сондай-ақ Шахид Чамран қаласындағы тұрғын үй қирағанда 20 бала қаза тапқанын, әлі  10 баланың денесі қирандылар астында жатқанын айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, қарымта соққы ретінде Иран Израильге тағы да зымыран жіберді.