Тегранда ҚР Конституциясы күніне арналған шаралар өтті

АСТАНА. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Кеше Теграндағы «Сабз» мәдени-спорт кешенінде Қазақстанның Ирандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен бойынша ҚР Конституциясы күніне арналған фотосурет пен кітап көрмесі және футзалдан дипломаттар мен журналистер арасында турнир өтті. Көрме Қазақстанның экономикасын, тарихы мен мәдениетін, және елордамыз - Астана қаласын жаңа бір қырынан танытуға мұрындық болды,
None
None

деп хабарлайды Қазақстанның Ирандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Ирандағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Оңталап Оңалбаев көрме мен турнирдің ашылу рәсімі кезінде Қазақстанда демократиялық және құқықтық мемлекет құру ісінде Конституцияның қаншалықты маңызды рөлге ие екеніне тоқталды. Кітап және фотокөрмелерді тамашалай жүріп, ирандық бір қауым жұрт Қазақстанның экономикасы, бай мәдениеті мен тарихы, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстары туралы жан-жақты мәліметке қанықты.

Осы шараның шеңберінде Елшіліктің көмегімен парсы тіліне аударылған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандық жол» кітабы мен «Қазақстан - 2030» Стратегиясы қатысушылардың назарына ұсынылды.

Қазақстанның Ирандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемовтің ұсынысы бойынша бұдан былай дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын Конституция Күніне арналған футзал турниріне Иранның сыртқы істер және мәдениет министрліктерінің өкілдері, тегерандық бұқаралық ақпарат құралдары және Иранда тіркелген өзге де шетелдік елшіліктердің өкілдері қатысты. Жарыстың бас жүлдесін финалда теграндық «Техран Таймз» командасын 4-2 есебімен ұтқан Ресей елшілігінің ұжымы жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар