16:06, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Тегранда оппозиция белсенділері тұтқындалды
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат - Тегранда бүгін рұқсат етілмеген шерулерге қатысқан оппозицияның бірнеше белсендісі қамауға алынды,

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Оппозициялық көшбасшы Мирхоссейн Мусауидің жүздеген жақтаушылары Махмұд Ахмединежадтың ел президенті болып сайлануына тағы да наразылық білдірді.
Шеруге қатысушыларды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.
Сонымен қатар, бүгін Тегранда АҚШ елшілігінің басып алынуының 30 жылдығына арналған ресми іс-шаралар өтіп жатыр. Атап айтқанда, бұрынғы дипломатиялық миссия ғимаратының алдында бірнеше мыңдаған адамның қатысуымен антиамерикандық митинг ұйымдастырылды.