14:58, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Теграндағы ЭЫҰ мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының саммитінде тараптар Қазақстан басшысының біртұтас әлемдік валюта құру туралы ұсынысын назарға алды
ТЕГРАН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Иран астанасы Тегранда өткен экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет және Үкімет басшыларының 10-шы саммитінде Тегран декларациясы қабылданды.
Декларацияда тараптар Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың қаржылық және экономикалық жүйелерді тұрақтандыруға арналған біртұтас әлемдік валюта құру туралы ұсынысын ризалықпен назарға қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сондай-ақ тараптар алғашқы қадам ретінде осы мақсатта барынша тиімді, мақсатты және сенімді қаржылық құрал ретінде өздерінің екіжақты/көпжақты сауда операцияларында экономикалық ынтымақтастық ұйымна мүше елдердің валюталарын пайдалануға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ ұйымның жұмыс тобына мәселені шешудің мақсатты механизмін мұхият зерттеуге тапсырма берді.