13:36, 08 Сәуір 2017 | GMT +5
Техаста аурухана пациенті реанимобильді ұрлап әкетіп, полициямен жарысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатында (АҚШ) жергілікті аурухананың жедел жәрдем бөлімінде ем қабылдаған 18 жастағы Армандо Винаджа медициналық мекеме ауласындағы реанимобильді ұрлап әкеткен және сағатына 160 шақырым жылдамдықта полициямен жарысқан.

Бұл туралы ABC телеарнасы хабарлады.
Полицейлердің айтуынша, Армандо мас болған және өзін есерсоқ адамдай ұстаған. Оның қала көшелерімен жоғары жылдамдықта жүріп, ешқандай жол-көлік оқиғасын жасамуы - нағыз кездейсоқтық.
Мас жүргізуші көлікті басқара алмай, гүлзарға құлағанда ғана тәртіп сақшыларының қолына түсті.
Армандо Винаджеге қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағылды.