Техаста ішінде 16 адам болған әуе шары құлады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техаста отқа оранған, ішінде кем дегенде 16 адам болған әуе шары құлады, деп хабарлады ABC News телеарнасы.

Техаста ішінде 16 адам болған әуе шары құлады (ВИДЕО)

Әзірге апат салдарынан қаза тапқандар, не болмаса жараланғандар туралы белгісіз болып отыр.

Бұл келеңсіз жағдай сенбі күні жергілікті уақыт бойынша  8.40-та Техас штатындағы Локхарт қаласы маңында орын алды, деп жазады  РИА Новости.