Техаста темір тордың ар жағындағылар түрме қызметкерін құтқарды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айыпталушылар Техас штаты Уэтерфорд қаласының округтік соты ғимаратының жертөлесінде болған. Оқиға 23 маусымда орын алды.
None
None

Шағын бөлмедегі  камерада 8 тұтқын болған. Оларға қарсы орындықтағы отырған күзетші  олармен сөйлескен.  Кенеттен күзетші еденген құлап түскен, деп хабарлады Mignews.com.

Бұл туралы  NBC News-ке  округ шерифі Марк Арнетт айтты: "Бастапқыда ол айыпталушылармен сөйлесіп отырған. Кейін еденге құлады. Ол құлаған соң темір тордың ар жағындағылар көмекке шақырды".

Айқайлары  қызметкерлердің назарын аудармағандықтан, олар камераның есігін сындырады.  Шерифтің айтуынша, күзетшінің рациясы арқылы көмекке шақырған. Артынша полицейлер келіп, дәрігерлерді шақыртты. Есінен таныған күзетшіге жүрек-өкпе реанимациясын жасады, сонымен қатар жүрек қағысын реттеу үшін дефибриллятор қолданды.

Бұл оқиға соттың бейне бақылау камераларына іліккен. 

 

Соңғы жаңалықтар