Техаста жүк көлігі тіркемесінен сегіз мигранттың өлігі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатының оңтүстігінде мигранттарды әкеле жатқан жүк көлігінің тіркемесінде сегіз адамның өлігі табылды, олардың екеуі бала. 

Техаста жүк көлігі тіркемесінен сегіз мигранттың өлігі табылды

Бұл туралы жексенбі күні CNN телеарнасының сайтында хабарланды.

Келеңсіз оқиға Сан-Антонио қаласында болған. Жергілікті биліктің деректеріне қарағанда, фургонға 38 мигрант мінген, олардың 20-сы ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы аса ауыр.

Көлік жанына қойылған тоқтаған дүкеннен түскен қоңыраудан кейін полиция оқиға орнына барған.