Техникалық регламенттерге сай келмейтін 200 млн. теңгеге жуық қаржының азық-түлік өнімдері өткізілмейтін болды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Азық-түлік өнімдерін сататын кәсіпорындардағы тексерістің нәтижесінде 382 жағдай бойынша заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада 9 айдағы мемлекеттік қадағалау қорытындысына арналған брифингте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев айтты.

 «Азық-түлік өнімдерін сататын кәсіпорындарда 581 тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 382 жағдайда заң бұзушылықтар анықталды. Бұл өз кезегінде 65,7 пайызды құрап отыр»,-деді ол.

Комитет басшысының айтуынша, тексеріс қорытындысы аясында жалпы сомасы 195 млн. теңгеден астам қаржыға сертификатсыз, техникалық регламенттерге сай келмейтін 3 411 өнім топтамасын өткізуге тыйым салынған.

«Заңнама талаптарын орындамағандар 19 млн. теңгеден астам қаржыға әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп түйді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум