Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамдастығы «Еуропаға жол» бағдарламасы ауқымындағы шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды - ҚР Әділет министрлігі

АСТАНА. Ақпанның 20-ы. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Әділет министрлігінде вице-министр Дулат Құсдәулетов Қазақстандағы техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамдастығы бағдарламасының жетекшісі Райнер Гертцпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында «Еуропаға жол» ҚР Мемлекеттік бағдарламасы ауқымындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Р.Гертц Қазақстан Әділет министрлігінің қызметкерлерін оқыту жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал жасауға және мемлекеттік органдар мен Германияның мамандандырылған мекемелерінің тәжірибе алмасуларына мүдделі екендігін жеткізді. Тараптар ынтымақтастықтың ықтимал негізгі бағыттарын, оның ішінде қылмыстық жазалардың орындалуы, бас бостандығынан айырылғандардың ұсталуы, сот-медициналық сараптау саласы, халықаралық төрелік саласындағы Қазақстан заңнамаларын жетілдіру мақсатында Германияның оң тәжірибелерін оқу және үйрену мәселелерін атап өтті.Р.Гертц «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарлама ауқымындағы шараларды жүзеге асыруда Әділет министрлігіне қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар