Тек велосипед ұрлаумен айналысқан - Алматы (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы велосипед ұрлап, күн көріп жүрген 24 жасар алматылықты ұстады. Ер адам жұрттың қараусыз қалдырған мүлкін арзан бағаға сатып, азық-түлік сатып алып жүрген.

Тек велосипед ұрлаумен айналысқан - Алматы (ФОТО)

«Күдіктінің Бостандық ауданында болған 4 қылмысқа қатысы бар болып шықты. Соңғы рет оның әрекеті «Орбита» шағынауданындағы аулалардың бірінде орналасқан бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Жедел іздестіру шараларының арқасында оның кім екендігі анықталды. Қазір ол қылмысын мойындады», - деді Бостандық ауданы ІІБ басшысы Берік Әбілбеков.

Полицияның хабарлауынша, ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түрмеде өтеп шыққан.

Қазір оның өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.