Тексерістен кейін нәтиже бар ма: Алакөл жағажайындағы жағдай қандай

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Kazinform тілшісі Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл демалыс орнына арнайы барып, фоторепортаж жасап қайтты. 

Тексерістен кейін нәтиже бар ма: Алакөл жағажайындағы жағдай қандай
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Жаз шыға салысымен Алакөл жағасына ағылатын халық қарасы көп. Тамыз айында да сол. Суы тұзды, балшығы шипалы көлге отбасымен келетіндер көп. Демалыс базаларының біріне жайғасып, орамалдарын иыққа іліп, жағаға қарай тартады.

Бірақ осы демалыс орнында туристерге қаншалықты жағдай жасалған? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдің демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмендігін айтқан сынынан кейін мұнда қандай өзгеріс бар? Осыны көру үшін көл жағасына арнайы табан тіредік.

Ең әуелі күндіз арбатқа бардық. Ортасында күннен көлегейлеп тұратын шатыры бар орындықтар, ал екі шетінде түрлі тағам мен тәттілерді ұсынатын сауда орындары орналасқан бұл арбатта адам негізінен қас қарайғанда көбейеді. Себебі күн шығып тұрғанда елдің бәрін жағалаудан іздейсіз.

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Арбат іші таза. Әр бұрышта қоқыс салғыштар тұр.

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Әжетхананың қайда екені жазылған тақтайшаларды байқадық.

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Бұрын әр жерде тұратын кәуәпханалар азайған. Оның орнына балмұздақ, салқындатылған тәтті сусындар, вафли мен фаст-фуд саудасы қызып тұр.

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Туристік полиция бекеттері тұрғанымен ішінде де, сыртында да сақшыларды көрмедік.

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Бәлкім содан да шығар, жол ережесін сақтамайтын жүргізушілерді көзіміз шалды. Мысалы, бұл көлік жаяу жүргіншілер жүретін жолмен емін-еркін келе жатыр.

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Жалпы арбат іші таза болғанымен жерде жатқан қоқыс та жоқ емес.

қоқыс
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
қоқыс
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Бірнеше метр сайын киім ауыстыратын орындар тұр. Жалпы мұнда барлығы 25 киім ауыстыратын орын бар екен.

Алакөл. Киім ауыстыратын орын
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Әжетхананың қайда екенін бағыт берген тақтайшалар арқылы таптық. Кіру бағасы — 100 теңге. Қолма-қол ақшаңыз болмаса мобильді аударым жасауға болады.

бағыт
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
әжетхана
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Ішіне кіріп көрдік. Таза. Әжетхана қағазы бар. Қол жуатын сұйық сабын да тұр. Бірақ әжетхана санын тағы арттыру керек секілді.

әжетхана
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Облыс әкімдігі биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтілетіндігін мәлімдеген. Әсте дұрыс. Себебі бір әжетханаға біршама кезек қалыптасып қалады. Оның үстіне әжетханалар арасындағы қашықтық та ұзақ.

Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Алакөлде түрлі аттракциондарға отыруға болады. Бірақ бағалары қымбаттау көрінді. Мысалы, аққуға отырып айналатын мына аттракционның бағасы адам басына — 2 мың теңге.

Аттракцион
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
аттракцион
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
аттракцион
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Ал көл жағасындағы жұрт қарасы қалың. Айтпаса да түсінікті, елдің бәрі суға шомылып, күнге қыздырынып жатыр.

жағажай
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
жағажай
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Қайыққа, катамаранға, катерге отыруға болады.

катамаран
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
ойын
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Тіпті түйемен қыдыртатындар да жүр.

түйе
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Кешке қарай арбатқа тағы келдік. Бағана айтқанымыздай, күндізге қарағанда адам қарасы күрт көбейген.

Түнгі Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Караокеде ән айтып, садақ атып, ұлттық киім киіп фотоға түсуге және ақша ұтып алуға болатын ойындар ойнауға мүмкіндік бар.

Түнгі Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Түнгі Алакөл
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Суретшіге ақша төлесеңіз суретіңізді айнадай қылып салып береді.

сурет салу
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Балалар үшін де қызықтың түрі мол.

Балалар Алакөлде
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Балалар Алакөлде
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Балалар ойыны
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

Сауданың сәнін келтіріп жатқандар жетерлік. Ойыншықтар, кәдесыйлар, түйе жүнінен тігілген киім-кешек, табиғи тастардан жасалған әшекейлер көз тартады.

Алакөлдегі сауда
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
Алакөлдегі сауда
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform

P/S: Қорыта айтқанда, Алакөлде оң өзгерістер барын байқадық. Десе де әлі орны толуы тиіс олқылықтар жоқ емес. Айтпақшы, күндіз полицейлер байқалмағанымен кешке толып жүрді. Бір мас адамды төрт сақшының әкетіп бара жатқанын көрдік. Демалушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, тазалық сақталып, әжетханалар саны көбейсе — Алакөл жағасына ағылатын турист саны арта берері сөзсіз.

Еске салсақ, осыған дейін жаз шыққалы бері Алакөл жағасында 120-дан астам бала жоғалғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар