Тель-Авивте «Eurovision-2019» басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тель-Авивте «Eurovision-2019» байқауы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конкурс қатысушылары мен делегациялар салтанатты рәсімде қызғылт сары кілемнің үстімен жүріп өтті.

Шара қаланың орталығында орналасқан Тель-Авивтегі басты алаңдардың бірі - Габимада ұйымдастырылды. Кілемнің қызғылт сары түстес болуы оның биылғы серіктесіне құрмет ретінде таңдалған, делінген конкурстың ресми сайтында.

«Eurovision-2019» байқауына барлығы 41 мемлекет қатысып жатыр. Сайыс «Израиль жәрмеңке орталығы» көрме орталығында өтеді.

Байқаудың бірінші жартылай финалы 14 мамырға жоспарланған. Онда 17 ел финалдағы 10 орын үшін бақ таластырады.

Конкурстың екінші жартылай финалы 16 мамырға жоспарланған. Онда 18 мемлекеттің өнерпаздары финалдағы 10 орын үшін таласады. Ақтық сайыс 18 мамырда өтпек.

Айта кетейік, 2018 жылғы байқау Португалияда (Лиссабон қаласы) өтті. Аталмыш елге конкурсты қабылдау құқығы португалиялық әнші Сальвадор Собрал Киевтегі «Eurovision-2017»-де жеңіске жеткеннен кейін берілді.

Ал Израильге жеңісті былтыр әнші Netta (Нетта Барзилай) алып келген болатын.

Қазақстан әлемдік ән додасында бірде-бір рет бақ сынаған жоқ. Ал балалар Еуровидениесіне 2018 жылы еліміз атынан алғаш рет Данэлия Төлешова қатысып, 6-орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар