Тель-Авивте құны 3 млрд долларды құрайтын қазақстандық-израильдік 3 жоба таныстырылды

Сондай-ақ метанол, ферроқорытпалар, полипропилен шығаратын көмір-химиялық кешен бой көтермек. Израиль инвесторларымен қатар, бұл жобаға Қытай мен Оңтүстік Корея елдерінің өкілдері де қызығушылық танытты. Кәсіпкерлердің айтуынша, әлемдік экономиканың тұрақсыздығы кезінде Қазақстан инвестиция құюға ең тартымды мемлекет. Айта кеткен жөн, 3 кешен салынғаннан кейін 3500 жұмыс орнын ашу көзделген. «Он-Олжа» ЖШС директоры Марат Нәбиевтің айтуынша, бізде көмір-химиялық кешені салынады. Электр стансасы және метанол, жанармай, дизель отыны, карбамид пен полиэтилен өндіретін зауыттар ашылады. Бұл Израиль, Оңтүстік Корея, Қытай компаниясы қатысатын ірі жобалар болмақ. «Біз инвесторлар үшін жасалған шарттарды тиімді деп есептейміз. Өйткені Үкімет қолдау көрсетеді, қажетті мамандар бар. Банк капиталын елге әкелуге мүмкіндік жасалған. Осы өңірдегі басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда жақсы жағдай қалыптастырылды»,-дейді, инвестор Арон Бардов.