Телеарналар букмекерлерді жарнамалауға құқылы - министрлік

АСТАНА. KAZINFORM - Туризм және спорт министрлігі букмекерлік кеңселерді жарнамалау тәртібі туралы ақпарат таратты.

Букмекерлік кеңселер тарапынан демеушілік тетіктері өзгеруі мүмкін – вице-министр
Фото: predp.com

«Еліміздегі спорт телеарналарын қоспағанда, кинотеатрларда, анықтама кітаптарында және жалпы БАҚ-та букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынады. «Хабар» және Qazaqstan сияқты жалпы мазмұндағы телеарналар халықаралық спорттық іс-шаралардың тікелей көрсетілімдері кезінде ғана букмекерлік кеңселерді жарнамалауға құқылы. Букмекерлерді жарнамалауға тек спорт тақырыбына арналған және заң бойынша тіркелген спорт телеарналары мен БАҚ-қа рұқсат етіледі. Букмекерлердің жарнамасы жалпы мазмұндағы телеарналарда тек халықаралық спорттық жарыстардың тікелей трансляциялары кезінде ғана рұқсат етіледі. Трансляцияға дейін және кейін жарнамалауға тыйым салынады. Букмекерлердің логотиптері мен сауда белгілері спортшылардың спорттық киімдері мен спорттық құрал-жабдықтарында орналастырылуы мүмкін», - делінген министрлік хабарламасында.

Букмекерлік кеңселердің тауар белгілерін заңнама сақталған жағдайда спорттық турнирлердің, объектілер мен жобалардың ресми атауларына енгізуге рұқсат етіледі.

Еске салсақ, Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасына жаңа шектеулер мен айыппұлдар күшіне енгені туралы хабарлааған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар