Телефон қоңырауының кесірінен 400 адам Қарағанды орталық дүкенінен көшірілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полицияға Қарағанды орталық әмбебап дүкеніне жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабар келіп түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Телефон қоңырауының кесірінен 400 адам Қарағанды орталық дүкенінен көшірілді

«13 қаңтар күні сағат 10.01-де «102» телефонына белгісіз ер адам хабарласып, орталық әмбебап дүкенге жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Дүкенге барлық төтенше қызмет жіберілді, орталық дүкен ғимаратынан 400-ге жуық адам көшірілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Полиция қылмыскердің ізін суытпай, 25 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция аталған бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады. «Қоңырау шалмай тұрып, зардабын ойлаңыздар», - дейді полицейлер.