Телефон лаңкесі «Интергаз Орталық Азия» газ құбырына «мина» қойды

АТЫРАУ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Телефон «лаңкестігі» толқыны Атырау облысына жетті. Бұл өңірде «Интергаз Орталық Азия» желілік-өндіріс басқармасына «бомба» қойылды.
None
None

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің нақтылауынша, жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат өткен жексенбі күні түскен. Белгісіз адам қазақстандық және еуропалық тұтынушыларға түрікмен газын айдайтын магистралды газ құбырына қызмет көрсететін Жылыой ауданына қарасты Құлсары ауданындағы желілік-өндірістік басқармаға мина қойылғандығы туралы хабарлаған. Бір жарым сағат жарылғыш зат іздеген төтенше жағдайлар, арнайы қызмет қызметкерлері мен полицейлер ақпараттың жалған екендігіне көздері жеткеннен кейін мекеме жұмысшыларына өз орындарына оралуға рұқсат берді.

Соңғы жаңалықтар