12:37, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Темекінің қалдығын жолға тастаған азамат 5 күнге қамалды
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауылының тұрғыны темекінің қалдығын жолға тастағаны үшін сот шешімімен 5 күнге қамалды.

«Зеренді аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушы ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды. Зеренді ауылында жолдың шетіне темекі қалдығын тастаған ер адам ҚР ӘҚБт Кодексінің 330-бабының 1-бөлігі бойынша жазаға тартылды», - деп хабарлайды Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Сот қоғамдық орындарды ластау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзуды білдіретін іс-әрекет жасағаны үшін ол азаматты жазаға тарту туралы қаулы шығарып, 5 тәулік мерзімге қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындады.