Темір жол вокзалдарының анықтама қызметіне қоңырау шалу тегін болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылдан бастап темір жол вокзалдарының анықтама қызметіне ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін болады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1433» анықтама нөміріне қоңырау шалу құны қалалық нөмірден минутына 0 теңгені, ұялы телефоннан минутына 25 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта килентке бағдарлануды арттыру мақсатында «Анықтама қызметін» жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдан бастап «1433» анықтама нөміріне қоңырау шалу қалалық және ұялы нөмірден тегін болады», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Сонымен қатар Премьер-Министр темір жол көлігімен жүк тасымалдауға арналған 16 бөлімше бар екендігін, қосымша Семей мен Павлодар қалалары бағыттарында ашу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтеді.

«2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ паркінде 17 меншікті және ұйымдардан жалға алынған 4 жүк вагоны бар. Жүк вагондары тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жолаушылар вагондарын жүк вагондарына қайта жабдықтау қарастырылады», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар
telegram