Темір жолда селфи жасамаққа әрекеттенген оқушы қыз мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Мәскеу көліктегі аймақаралық тергеу басқармасы Подмосковьедегі 14 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеуалды тексеру жұмыстарын жүргізе бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Алдын ала болжам бойынша, Мәскеу теміржолының Киев бағытындағы Толстопальцево стансасында кәмелеттік жасқа толмаған үш қыз "селфи" жасамақ болған.

"Олардың бірі жүк пойызы стансасында тұрған цистернаның ішіне кіріп, бойын түзегенде электр сымынаа тиіп кеткен. Кернеуі 27 мың вольттан астам тоқ ұрған жасөспірім қыз оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар