Темiрбанк өсімпұлды және мерзімі өткен сыйақының 90%-ға дейін есептен шығарады

АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Темірбанк» АҚ-ы 14- қарашадан 31-желтоқсанға дейін «Жаңа жылды мерзімі өткен қарызсыз қарсы алайық - 2012» акциясын өткізеді. Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, қаржы институтты клиенттеріне мынадай жеңілдіктер ұсынуда: 1-айып жеңілдіктерін алып тастау.
None
None

Ол үшін: туындаған мерзімі өткен берешекті толық өтеу; 90 күннен аспайтын мерзімі өткен берешек кезінде, қарыз бойынша бір ай сайынғы төлемді төлеу; қарызды қайта құрылымдауға келіскен кезде, қарызды төлемеуге себеп болған, негізделген дәлелдерді құжат арқылы растау қажет. 2- мерзімі өткен сыйақының 90 пайызына дейін алып тастау. Ол үшін: қарыз бойынша негізгі борышты толық мерзімінен бұрын өтеу. Сондай-ақ банктің проблемалы қарыздармен жүргізген жұмысына байланысты операциялық шығыстарын төлеу қажет. 3-несиені өтеу күнін ауыстыру.

1992 жылдың 26 наурызында құрылған "Темiрбанк" АҚ-ы өзінің бөлшектеп сату бағытын сақтай отырып, дәстүрлі банкілік қызмет түрлерінен басқа инновациялық технологиялар негізіндегі интернет және мобильді банкинг, сондай-ақ карталық өнімдер қызметін дамытып келеді. 2010 жылдың жазында қайта құрылымдау үрдісін сәтті аяқтаған болатын. Standard&Poor's халықаралық агенттігінің шешімімен, бүгінгі таңда банктің ұзақ және қысқа мерзімді несиелік рейтингі «В/В», ұлттық шкаласы бойынша «kzBB», рейтингтер болжамы бойынша «Тұрақты» деп танылып отыр.

Соңғы жаңалықтар