Теміртау домнашылары халықаралық кәсіби шеберлер байқауында жеңіске жетті

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселоМиттал Теміртау» АҚ домнашылары Украинаның Кривой Рог қаласында өткен халықаралық кәсіби шеберлер байқауында бірінші орын алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
None
None

«Қазақстандық мамандар бұл байқауға алғашқы рет қатысып отыр. Өз мамандықтары бойынша бірінші болып көріну үшін Қазақстан домнашыларымен қатар Украинаның металлургия кәсіпорындарының бес командасы қатысты. Бұл 35 жасқа дейінгі жас мамандардан құралған қырықтан астам қатысушы», - делінген баспасөз хабарламасында.

Теміртау домнашыларының командасы байқаудың теориялық кезеңімен қатар, тәжірибелік кезеңінде де ең жоғарғы баллға ие болды, деп атап өткен кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар