Теміртау қаласының соты «Қорғау» кәсіподағының «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының жалақысын индекстеу туралы талабын қанағаттандырды

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Теміртау қаласының соты «Қорғау» көміршілер кәсіподағының «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшыларының жалақысын индекстеу туралы талабын қанағаттандырды. Бұл туралы бүгін, сәрсенбі, шілденің 7-сінде шешім жария етілгеннен кейін «Қорғау» кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов хабарлады.
None
None

Сот отырысы жабық түрде өтті өткізілді.

«Біз жеңдік. Судья Татьяна Гавриченко шығарған шешімге сай компания 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап, қазіргі уақытта 6,2 пайыз болып тұрған инфляция деңгейіне сай жұмысшылардың барлық жалақысын индекстеуге тиіс», - деді М.Миргаязов. Прокуратура кәсіподақтың барлық талаптарын қолдап отыр, деді ол.

Сонымен қатар, оның сөзінше, «АрселорМиттал Теміртау» өкілі бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспейтінін, енді компания қарсы шағым жасайтынын мәлімдеп отыр.

Соңғы жаңалықтар