Теміртау қаласының сотында лаңкестік пен діни алауыздықты тудыру мен насихаттау ісі бойынша процесс басталды

ҚАРАҒАНДЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының сотында лаңкестік пен діни алауыздықты тудыру мен насихаттау ісі бойынша процесс басталды.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы хабарлады.

Оның хабарлауынша, сотта 4 адамның ісі қаралуда, оларға лаңкестікті насихаттау немесе лаңкестік актісін жасауға халық алдында шақыру (ҚР ҚК 233-1-бабы, 1-бөлімі), әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, рулық немесе діни алауыздықты тудырып отыр (ҚР ҚК 164-бабы, 2-бөлімі) деген айып тағылып отыр.

«Соттың істі қарауы ашық отырыста жүзеге асырылуда. Дегенмен, процеске қатысушылардың өтініші бойынша олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында куәгерлерден жауап алу жабық тәртіпте жүзеге асырылуда», - деп атап өтті облыстық соттың баспасөз орталығы.

Сотта ісі қаралып отырғандар - қарағандылық кәсіпкер, Теміртау қаласының жұмыссыз тұрғыны мен қатаң тәртіптегі АК-159/5 колониясында адам өлтіргені және қарақшылық жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген екі сотталған азамат. Тергеу анықтағандай, сотталғандар ресейлік террористер Саид Бурятский мен Доку Умаровтың эстремистік дәрістері мен бейнематериалдарын оқып, зерттеумен айналысқан. Тергеу шараларын жүргізген Қарағанды облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері анықтағандай, тыйым салынған дискілер мен аудио жазбаларды колонияға бірнеше рет қарағандылық кәсіпкер мен теміртаулық жұмыссыз азамат жеткізіп беріп отырған. Дискілер тәркіленіп, сараптама тағайындалды.

«Істі тыңдау 2011 жылдың 22 ақпанына дейін кейінге қалдырылды», - деп хабарлап отыр облыстық соттың баспасөз қызметі.

С.Бурятский мен Д.Умаров Солтүстік Кавказдағы жасырын террористік құрылымдардың аса қауіпті көшбасшылары деп танылған. Д.Умаров ресми түрде халықаралық лаңкестер тізіміне енгізілген.

Соңғы жаңалықтар