Теміртау маңынан із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртау маңында жазық даладан жазда жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртау маңынан із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

37 жастағы Теміртау тұрғынына жаздан бері іздестірілген. Алты күн ұлын іздеген зейнеткер полицияға хабар берген.

«10 шілдеде Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне 61 жастағы әйел жүгінді. Ол өтінішінде 4 шілдеде 37 жастағы ұлы үйден шығып кетіп, сол уақыттан бері хабарсыз жүргенін жазды. Оның өтініші тіркеліп, жедел-іздестіру жұмыстары басталды.

21 қазанда Теміртау қаласының маңында далада ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның туыстары оны таныды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, әзірге ер адамның қалай қайтыс болғаны белгісіз. Сараптама жүргізіліп жатыр.