15:21, 27 Шілде 2015 | GMT +5
Теміртау саунасында жезөкшелер ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында сауналардың бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған орын табылды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Теміртау қаласындағы сауналардың бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған орын тапқан», - делінген хабарламада.
Полиция ақпаратынша, жеңгетайлықпен айналысқаны үшін 30 жастағы саунаны жалға алушы ұсталды. Сонымен қатар, жыныстық қатынас қызметін ұсынған 18 жастағы әйел ұсталды.
«Күдікті қамауға алынды, аталған факт бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп қосты ІІД баспасөз қызметінде.