20:16, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Теміртауда 34 жастағы гимнаст әйел жаңажылдық су көрінісінен кейін қайтыс болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында 34 жастағы гимнаст әйел Екатерина Кокурина «Судағы шырша» көрінісінен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

«Судағы шырша» көрінісі «Жастар» бассейнінде өткен. Акробатикалық трюк орындаған әртіс әйел өзін нашар сезініп, ілмекке оранып қалған. Оны шешкен соң, «жедел жәрдем» әйелді ауруханаға алып кетті», - деп баяндады куәгерлер.
Алдын ала нұсқа бойынша, әртіс әйел микроинсульт алған. Дәрігерлер оған медициналық көмек көрсеткенмен, бірнеше күннен соң көріністің қатысушысы ауруханада көз жұмды. Жерлеу рәсімі бүгін Теміртау қаласында болды.