Теміртауда дүкен тонағандар қолға түсті

«31 тамызда кешекшілікке түскен Қарағанды қалалық жол-патрульдік полиция батальонының полицейлері қала дүкендерінің бірінде іске қосылған дабыл туралы хабарлама алды. Оқиға орнына келген полицияның аға сержанттары Нұрлан Қуандықов, Бауыржан Қаратаев және аға лейтенант Наурыз Керімбаев дүкеннен қарай кетіп бара жатқан, қолдарында пакеттері бар екі ер адамды байқады», делінген хабарламада.
Полицияның ақпаратынша, ұсталған ер адамдар ұрлық жасағандарын мойындады. Олардың түсініктемесі бойынша, дүкенге пластик терезесін сығу арқылы кіріп, оның ішінен 300 мың теңге көлеміндегі ақша, шамамен сондай соманы құрайтын тазалық құралдарын алып кеткен.
«Ұсталғандар Теміртаудың 24 жастағы тұрғыны мен Астананың 25 жастағы тұрғыны. Бұрын түрлі қылмыстар жасағаны үшін түрмеде отырған. Қазіргі уақытта екеуі уақытша ұстау абақтысына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.