Теміртауда дүкеннен айфон ұрлағандар қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртауда ұялы телефон ұрлаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Қарағанды облысының ІІД-інің баспасөз қызметінен.
None
None

«Теміртау қаласының ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының полицейлері кезекшілікке түскен уақытта қала дүкендерінің бірінде ұрлық жасалды деген бағдар бойынша ақпарат қабылдайды. Дүкен сатушысы тәртіп сақшыларына назардан тыс қалған дүкен сөресінен белгісіз екі азаматтың «Айфон-5» гаджетін ұрлап кеткенін айтып жеткізген. Сатушы күдіктілердің 40 жастар шамасындағы еуропалық түр-сипаттағы азаматтар екенін суреттеген. Полицейлер қала көшелерін тінту барысында жәбірленушінің сипаттамаларына сәйкес келетін 2 күдікті азаматты байқаған. Ер азаматтардың бірі полицей тінтуінен жасырмақ ниетте ұялы телефонды шұлық ішіне жасырған», делінген хабарламада. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, Теміртау қаласы аумағындағы осы сипаттағы қылмыстарға қатысы бар-жоқтары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар