Теміртауда қала күніне орай карнавал ұйымдастырылды

 ҚАРАҒАНДЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласы кеше, 1 қазан күні өзінің 67 жылдығын атап өтті.
None
None

Қала күніне орай «Теміртау ертегі кейпінде» атты карнавалдық шеру болып өтті. Ертегілердегі қаһармандардың кейпіне еніп, түрлі киімдер киген теміртаулықтар Бейбітшілік және Металлургтер даңғылдары бойынша жүріп өтіп, қалалық алаңға бет алып, басты салтанат жалғасын тапты. 

Карнавалдың үздік қатысушылары «Металлург» алаңында өткен мерекелік бағдарлама кезінде марапатталды.

Облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары теміртаулықтарды қала күнімен құттықтады.

Салтанат мерекелік отшашумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар