Теміртауда құдық ішінен ер адамның мәйіті табылды
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласының полицейлері тәулікке жеткізбей кісі өліміне қатысты қалмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
5 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында «Арселор Миттал Теміртау « АҚ комбинатынан 200 метрдей жердегі құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын із-түссіз жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 43 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.