Теміртауда моноқалаларды дамыту мәселесін саралайтын семинар өтеді

деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Бүгін семинарға қатысушылар Теміртау қаласындағы бірқатар өндірістік және мәдени нысандарды аралайды деп жоспарлануда. Содан кейін моноқалаларды дамытудың Кешенді жоспарларын әзірлеу және оларды аймақтық даму мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қорғау реті түсіндірілетін семинар-кеңес өтеді. Онда «Экономикалық зертттеулер институты» АҚ-ның президенті Мақсат Мұқанов пен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрағасы Қайрат Әйтекенов баяндама жасайды.
Шағын қалаларды дамыту жөніндегі семинар-кеңестің жұмысы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен ертең, 14 мамыр күні жалғасады. Семинарға бірқатар министрлік пен ведомстволардың, даму институттарының өкілдері, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері, осы облыстардағы моноқалалардың әкімдері қатысады. Бағдарлама аясында облыс өкілдері Құлсары (Атырау), Курчатов (Шығыс Қазақстан), Қаратау (Жамбыл), Арқалық (Қостанай) шағын қалаларын дамытудың перспективасы мен проблемаларын ортаға салады. Сонымен қатар жиын барысында Теміртау қаласын дамыту жоспары ұсынылады.
Семинар-кеңес аясында бірқатар меморандумға қол қою да көзделіп отыр.